«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

111

«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары күн сайын өз өмірлерін өзгерткісі келетін мақсаты бір әртүрлі адамдармен араласады. Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметкерлері оларға шынайы көмек көрсеткісі келеді.

Мұхаббат Әлімханова, психолог-кеңесші (Тараз):



– Біздің орталығымызға өтініш білдіргендер отбасындағы міндеттердің тәртібінің болмауы, экономикалық дәрменсіздік, мінез-құлықтың сай келмеуі және серіктестің немесе туыстарының тарапынан оларға түсінікпен қарамауы. Бір өтініш білдіруші ажырасуды оның жұбайына деген өктемшіл қарым-қатынасы, оның агрессия, алкогольді шектен тыс пайдалану деп түсіндірді. Ал тағы өтініш білдірген әйел өзінің баспанасының жоқтығына және күйеуінің ата-анасына тәуелді болуына наразылық білдірді.

Барлық жүгінген жандарға кеңес берілді, проблемалардың жеке аспектілері пысықталды, ұқсас жағдайлар туындаған сәтте өз-өзін ұстау мінез-құлық алгоритмдері ұсынылды. Отбасылық жанжалдарды шешу үшін жеке кеңес беру әдістері ғана емес, сонымен қатар психоанализ, метафор арқылы жұмыс істеу, арт-терапиялық әдістемелер қолданылады.

Link
Share
Send
Send