«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

104
«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары күн сайын өз өмірлерін өзгерткісі келетін мақсаты бір әртүрлі адамдармен араласады. Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметкерлері оларға шынайы көмек көрсеткісі келеді.
 
Гүлнара Баталова, психолог (Нұрсұлтан):



– Алкогольдік және есірткіге тәуелділік, материалдық кемшілік, мінез-құлықтың үйлесімсіздігі, ерлі-зайыптылардың бірінің опасыздығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық өмірге туыстардың араласуы – Қазақстандағы ажырасудың негізгі себептері. Егер әрбір ажырасуға бел буған жұптарға тереңірек назар аударсаңыз көптеген отбасының жауапкершілік сезімі мүлдем жоқ, отбасылық рөлдердің құрылымы бұзылған, отбасылық құндылықтар ұмытылып, өзара түсіністік жоқ екені анықталады.
 
Жағдайды жақсарту үшін ұсынамын:
– Отбасылық жұптар психологта отбасылық терапиядан өтеді.
– Өз отбасына жауапкершілікпен қарау.
– Отбасылық өмірде өз міндеттерін орындау.
– Бір-бірін тыңдауға және естуге үйрену.
– Жанжал болған жағдайында эмоцияларды бақылай білу.
Link
Share
Send
Send