«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары

97

«Бақытты отбасы» жобасының заңгерлері, психологтары, отбасылық медиаторлары күн сайын өз өмірлерін өзгерткісі келетін мақсаты бір әртүрлі адамдармен араласады. Отбасын ресурстық қолдау орталықтарының қызметкерлері оларға шынайы көмек көрсеткісі келеді.

Әсем Дәукенова, заңгер (Қарағанды):



– Бізге жүгінген отбасылық жұптардың арасындағы ажырасудың себебі: тұрмыстық зорлық-зомбылық, тәуелді қарым-қатынас, ерлі-зайыптылардың арасындағы опасыздық. Әдетте мұндай мәліметтерді ажырасуға өтініш білдіргенде көрсетпейді, тек олармен әңгімелесу кезінде анықталып жатады. Әрбір ажырасқан жұптың өз тарихы бар, сондықтан әрбір клиентке жеке көзқарас қажет.
Ажырасуға жеткізетін тағы бір кең таралған себептің түрі – ерлі-зайыптылардың бірі маскүнемдікке, нашақорлыққа, ойынға тәуелділік болса отбасылық өмір ұзаққа созылмайды. Көбінесе отбасында ақша жетіспеуінен, материалдық жағдайын жақсарту мүмкіндігінің жоқтығынан ажырасады. Сондай-ақ, ата-анасымен бірге тұрып, өз-өздерін жеке тұрғын үймен қамтамасыз ете алмауы, қаражаттың жоқтығы себеп болады.

Жағдайды жақсарту үшін ұсынамын:
– Отбасылық соттар жанындағы психологтың штаттық бірлігін енгізу немесе ажырасуға келген жұптармен жұмыс істейтін психологиялық кеңес беру қызметін құру. Менің ойымша, ерлі-зайыптылар атаулы қызметке жүгінгеннен кейін ғана некені бұзу туралы шешуді шығару қажет.
– Неке бұзу үдерісі бойынша шешім қабылдау мерзімін үш айға дейін ұзарту, тіпті некеде балалары жоқ болса да.
– Тек соттармен ғана емес, сонымен қатар АХАТ мамандарымен, сондай-ақ әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен алдын алу жұмыстарын жүргізу.
– Мемлекетпен және мүдделі ұйымдармен әріптестікте әлеуметтік-пайдалы жобаларды енгізу.
– Кәсіптік бағдар беруге, ерлі-зайыптыларды еңбекпен оңалтуға, бала-жасөспірімдерге белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған өзекті жобаларды әзірлеу.
– Отбасы кеңесін жүзеге асыратын жастарды некеге тұруға дайындау жөніндегі орталық құру.
– Қолдауға мұқтаж отбасылар мен балаларды анықтау.
– Халықтың әлсіз топтарына көмек көрсету шеңберінде жастарды волонтерлік қызметке тарту.
– Жетекші телеарналарда кіші және мектеп жасындағы балаларға, сондай-ақ отбасылық көркем фильмдер мен бағдарламалар санын арттыру.
– Толық және бақытты отбасылардың беделін көтеру бойынша жұмыс жасау.
– Әкенің отбасы өміріне белсенді қатысудың маңыздылығына назар аудару.
– Әлеуметтік жарнама жасау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балаларды кемсітуге және сегрегацияға қарсы әрекет ету. БАҚ-та осындай балалармен отбасы проблемаларын, сондай-ақ оларды әлемдік тәжірибеде шешудің оң мысалдарын жариялау.

Link
Share
Send
Send